Accessibility links

Бішкекте Жаныш Бакиевті қайтаруды тағы да талап етті


Бішкектегі Беларусь елшілігінің алдында болған наразылық акциясы. 10 қыркүйек 2012 жыл.

Бішкектегі Беларусь елшілігінің алдында болған наразылық акциясы. 10 қыркүйек 2012 жыл.

Бүгін Бішкектегі Беларусь елшілігінің алдында "Сәуір байрағы" және "Мекен шейіттері" деп аталатын қоғамдық қозғалыстың мүшелері мен азаматтық белсенділер наразылық акциясын өткізді. Акцияға қатысушылар Беларусь үкіметінен биліктен қуылған экс-президент Құрманбек Бакиевтің ағасы Жаныш Бакиевті экстрадициялауды талап етті.

Осыған ұқсас акция 28 тамызда да өткен еді. Ресми Бішкек Беларусьтен Жаныш Бакиевті оның Минскіде жүрген суреті интернетте пайда болған соң талап ете бастаған. Беларусь бас прокуратурасы қырғыз билігіне Бакиевті қайтарудан бас тартқан.

Құрманбек Бакиев биліктен кеткен 20005 жылғы сәуірдегі толқулардан бері Минскіде тұрып келеді. Қырғызстанда ағайынды Бакиевтерге елдегі толқуларда 100-ден астам бейбіт тұрғынның қазасына қатысы бар деп айыпталып отыр.
XS
SM
MD
LG