Accessibility links

Нұрсұлтан Назарбаев Вьетнам президентімен кездесті


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Бүгін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Вьетнам Социалистік Республикасының президенті Чыонг Тан Шангпен кездесті деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.

Кездесуде президенттер саяси ықпалдасу мәселелерін, сауда және экономикалық, индустриалдық-инновациялық қатынастарды, инвестиция және мәдени-гуманитарлық салалардағы байланыстарды дамытуды талқылады.

Назарбаев Вьетнамның соңғы жылдары әлеуметтік-экономикалық салада және саяси тұрғыда кәдімгідей дамығанын айтып, Қазақстанның бұл елді Оңтүстік Шығыс Азиядағы стратегиялық әріптес санайтынын айтты.

Қазақстан мен Вьетнам арасында дипломатиялық байланыс 1992 жылы орнаған.
XS
SM
MD
LG