Accessibility links

Атырауда тағы да 4 "күдікті терроршы" қамалды


Атырау облыстық сотының ғимараты маңындағы адамдар. Көрнекі сурет

Атырау облыстық сотының ғимараты маңындағы адамдар. Көрнекі сурет

Атырау облыстық сотының баспасөз хатшысы Боранбай Ғалиевтың айтуынша,
9 қыркүйекте Атырау қаласының №2соты төрт адамға қатысты терроризм бабы бойынша екі айға қамауға алу туралы санкция берді.

- Олардың екеуі - Атырау қаласының, біреуі - Жылыой ауданының және тағы бірі - Маңғыстау облысының тұрғыны. Оларға қылмыстық кодекстің 233-бабының 2-бөлігінің «б» тармағы, яғни террористік топ құрды, оған басшылық етті және оның қызметіне қатысты деген айып тағылды, - деп хабарлады Боранбай Ғалиев 10 қыркүйек күні Азаттық тілшісіне.

Бұған дейін Атырау облысында осы бап бойынша 47 адам сотталған еді.
XS
SM
MD
LG