Accessibility links

АҚШ-та суицидпен күресуге Facebook пайдаланылмақ


Facebook желісінің логотоипі. (Көрнекі сурет).

Facebook желісінің логотоипі. (Көрнекі сурет).

АҚШ үкіметі суицидпен күресудің жаңа жалпыұлттық стратегиясын жасады. Негізінен жастар мен соғыс ардагерлері арасында жүретін шараға Facebook желісі тартылмақ.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, Facebook-тің жаңа қызметі желіні қолданушыға "достары" қалдырған суицидке қатысты комментарилер туралы хабарлап отырады. Сосын суицид жасамақ болған адамға мамандар көмегіне жүгінуді ұсынатын электронды хаттар жіберіледі.

Америка үкіметі суицидпен күрес бағдарламасына жиыны 55 миллион АҚШ долларын бөліп отыр. Үкіметтің дерегіне қарағанда, елде адамдардың өзіне-өзі қол салуы қиын мәселеге айналып отыр. Статистика бойынша, елде күн сайын шамамен 100 америкалық өзіне-өзі қол жұмсайды.

АҚШ үкіметі әсіресе 23 миллионға тарта соғыс ардагерлерінің жайына алаңдайды. Өткен жылы олардың 17 мыңы өз-өзін өлтірмек болған.
XS
SM
MD
LG