Accessibility links

Еуропа кеңесі Украинаны әділ сайлау өткізуге шақырды


Еуропа кеңесінің бас хатшысы Турбьерн Ягланд. Киев, 10 қыркүйек 2012 жыл.

Еуропа кеңесінің бас хатшысы Турбьерн Ягланд. Киев, 10 қыркүйек 2012 жыл.

Еуропа кеңесінің бас хатшысы Турбьерн Ягланд кеше Украина үкіметін қазан айында болатын парламент сайлауларын еркін және әділ өткізуге шақырды.

Еуропа Одағы мен Украинаның байланысына арналған конференцияда сөйлеген Ягланд сайлау барысын халықаралық қауымдастық жіті бақылап отыратынын және сайлаудың Украина беделін қалыптастыруда маңызды роль атқаратынын мәлімдеді. Ол оппозициялық партияны басқаратын экс-премьер Юлия Тимошенконың қамауда отырғанын сынады.

Турбьерн Ягланд "егер Украина демократиялық реформалар жүргізе алмаса, халықаралық қауымдастықтан оқшауланып қалуы мүмкін" екенін айтты. Ол Украинаның сот жүйесін күдіктілерді қамауда ұзақ уақыт ұстайтыны, қылмыстық және азаматтық сот істерінің баяу жүргізілетіні және сот шешімдерінің орындалмайтыны үшін сынады.
XS
SM
MD
LG