Accessibility links

Алматы облысында жол апатынан 6 адам қаза тапты


Соқтығысқан көліктер. (Көрнекі сурет).

Соқтығысқан көліктер. (Көрнекі сурет).

Алматы облысында "Мицубиси" жеңіл көлігі мен "МАН" жүк көлігі соқтығысып, 6 адам қаза тапты деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі.

Министрліктің дерегіне қарағанда, жол апаты дүйсенбіде Ақсай-Шонжы-Қалжат тас жолының 48-шақырымында болған. Жол апатынан "Мицубиси" жүргізушісі мен бес жолаушы оқиға болған жерде қаза тапқан.

Жеңіл көліктің тағы екі жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Қаза тапқандардың аты-жөні әлі анықталмаған.
XS
SM
MD
LG