Accessibility links

АҚШ Баграм түрмесін ауған үкіметіне тапсырды


АҚШ Баграм түрмесін ауған үкіметіне тапсырған кезде босатылған тұтқындар. 10 қыркүйек 2012 жыл.

АҚШ Баграм түрмесін ауған үкіметіне тапсырған кезде босатылған тұтқындар. 10 қыркүйек 2012 жыл.

АҚШ Кабул маңындағы Баграм түрмесін ауған үкіметінің басқаруына ресми түрде өткізіп берді. Ауғанстан әскери полициясының басшысы Сафиулла Сафидың хабарлауынша, енді 3 мыңнан астам тұтқын отырған түрмені әскери полиция қарауылдамақ. Түрмеде отырғандардың көпшілігі - терроризм айыбы бойынша сотталғандар.

Биыл наурызда екі ел түрмені Ауғанстанға өткізіп беру туралы келісім жасасқан. Бірақ келісім жасалғаннан кейін түрмеге түскен 600 тұтқынның қай елдің заңнамасына бағынатыны әзірге белгісіз.

Баграм түрмесіне қатысты дау-дамай жеткілікті. АҚШ үкіметі бұған дейін түрмедегі сотталғандарды азаптайды деп сынға ұшырап келген. Ал биылғы қаңтар айында АҚШ сарбаздары осы түрмеде Құран кітапты өртеп, елде жаппай наразылықтар болған.

Келісім бойынша, 2014 жылы коалиция күштері елден шығарылатын тұста Ауғанстандағы барлық америка түрмелері ауған үкіметінің бақылауына беріледі.
XS
SM
MD
LG