Accessibility links

Қарағандыда автобус жүргізушілері наразылық танытты


Алматыдағы автобустар. 23 тамыз 2012 жыл. (Көрнекі сурет).

Алматыдағы автобустар. 23 тамыз 2012 жыл. (Көрнекі сурет).

Қарағандыда 30-ға тарта автобус жүргізушісі бір есікті автобустың жүруіне тыйым салатын ережеге наразылық танытып, жұмысқа шықпай қойды деп хабарлайды BNews.kz агенттігі.

Қарағанды қаласының әкімшілігі 1 қыркүйектен бастап қалада бір есікті автобустардың халыққа қызмет көрсетуіне тыйым салған. Кеше әрбір оныншы автобус жұмысқа шықпай қалған. Наразылық танытушыларға өзге жүргізушілер де қосылуға уәде берген.

Қарағанды қаласы жолаушылар транспорты бөлімінің бастығы Айдос Жәкеновтің айтуынша, заң бойынша қала ішінде кемінде екі есігі бар автобустарға ғана жолаушы тасымалдауға рұқсат етілген.

Жүргізушілер бір есікті автобустардың қызметін ұзартуды немесе екі есікті автобустар сатып алу үшін жеңілдетілген несие беруді талап етіп отыр.
XS
SM
MD
LG