Accessibility links

Семейде ядролық сынақ инфрақұрылымдары жойылған


Ұлттық ядролық орталық маманы Семей полигоны аумағындағы радиация деңгейін тексеріп жатыр. 13 қазан 2011 жыл.

Ұлттық ядролық орталық маманы Семей полигоны аумағындағы радиация деңгейін тексеріп жатыр. 13 қазан 2011 жыл.

Семейдің бұрынғы полигонында ядролық сынақ жасауға арналған барлық инфрақұрылымдар биыл толықтай жойылды. Бұл туралы ұлттық ядролық орталықтың ядролық физика институтының директоры Ерлан Батырбековке сілтеме жасаған "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі хабарлады.

"Вечерний Алматы" басылымына сұхбат берген Батырбеков биыл ядролық сынақ жасауға арналған Дегелең тауындағы 181 жерасты кен орны мен "Балапан" учаскесіндегі ядролық қалдықтарға арналған құрылғысы бар пайдаланылмаған 13 сынақ скважинасының жабылғанын айтқан.

"Енді Семей полигонындағы ядролық қалдықтар мен ондағы "маңызды" ақпараттарға жол жабылды деп сеніммен айтуға болады" деген Ерлан Батырбеков.

Ол ұлттық ядролық орталық полигонда радиоэкологиялық зерттеулер мен реабилитациялық жұмыстарды ары қарай жалғастыра беретінін де айтқан.

1949 жылы ашылып, 1989 жылға дейін жұмыс істеген Семей полигонында 500-ге тарта ядролық сынақ жасалды.
XS
SM
MD
LG