Accessibility links

Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары ақталды


Қазақстан жоғарғы сотының ғимараты. (Көрнекі сурет).
Қазақстан жоғарғы сотының ғимараты. (Көрнекі сурет).
Қазақстанның жоғарғы соты Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары, "өзінше билік етті" деп айыпталған Сәлімжан Нақпаевты ақтады. Бұл туралы оның адвокаты Нұрлан Жолболовқа сілтеме жасаған ҚазТАГ агенттігі хабарлады.

Адвокатының сөзіне қарағанда, Нақпаевтың ісі бүгін жоғарғы соттың сот қадағалау алқасының отырысында қаралған.

Биыл сәуір айында Атырау қалалық соты Сәлімжан Нақпаевты қылмыстық кодекстің 327-бабы 3-тармағы бойынша ("өзінше билік ету") айыпты деп тауып, 4 жылға соттаған еді.

Нақпаевпен бірге оның көмекшісі Хайруллин де ақталған.
XS
SM
MD
LG