Accessibility links

Шымкенттік мұнайшылар жалақыларын өсіруді талап етеді


"Петро Қазақстан Ойл Продактс" компаниясы жұмысшыларының тәуелсіз кәсіподағының төрағасы Ерлан Балтабай. Алматы, 11 қыркүйек 2012 жыл.
"Петро Қазақстан Ойл Продактс" компаниясы жұмысшыларының тәуелсіз кәсіподағының төрағасы Ерлан Балтабай. Алматы, 11 қыркүйек 2012 жыл.
«Петро Қазақстан Ойл Продактс» компаниясының Шымкенттегі
бөлімшесі жұмысшыларының жалақысын 2007 жылдан бері
өсірмеді. Бұл туралы бүгін компанияның Оңтүстік Қазақстан облысының бөлімшесінде қызмет ететін жұмысшылары Алматыда өткізген баспасөз жиынында мәлімдеді.

Компанияның Оңтүстік Қазақстан облысындағы бөлімшесінде қызмет ететін
мұнай бұрғылаушы, осы компания жұмысшыларының тәуелсіз кәсіподағының төрағасы Ерлан Балтабайдың айтуынша, «Петро Қазақстан
Ойл Продактс» жұмысшылармен ұжымдық келісім-шартқа қол қоймаған.

- 2007 жылдан бері 700 доллар жалақы аламыз. Бес жылдан бері
айлығымыз өскен жоқ. Бұдан бөлек, еңбек демалысына шыға
алмаймыз. Заң бойынша, мұнайшыларға жылына бір рет денсаулығын
түзету үшін арнайы өтемақы төленуі тиіс. Бізге ол төленбейді, - дейді
мұнайшы.

«Петро Қазақстан Ойл Продакс» компаниясының Оңтүстік Қазақстандағы
бөлімшесінде 1300-ден астам жұмысшы бар. Мұнайшылардың айтуынша, әр
жұмысшыға әр түрлі материалдық көмек көрсетіледі.

Жұмысшылар компанияның Қазақстандағы президенті Асылбек
Кәрібаев пен инвесторлық президенті Вэй Юйсянға (Қытай) көмек сұрап хат
жазған. Алайда жауап болмаған.

Қазір компанияның 300-ден астам мұнайшысы атынан
прокуратураға арыз жазылды. Енді бұл мәселемен бас прокуратура
айналыспақ.

Мұнайшылар «егер бұл арыздан нәтиже шықпаса, митинг өткіземіз» дейді.
XS
SM
MD
LG