Accessibility links

Бастамашыл топ референдум өткізуге шақырды


Оппозиция өкілдері Рысбек Сәрсенбай (сол жақта) және Болат Абилов. Алматы, 11 қыркүйек 2012 жыл.

Оппозиция өкілдері Рысбек Сәрсенбай (сол жақта) және Болат Абилов. Алматы, 11 қыркүйек 2012 жыл.

Қазақстан азаматтары елде жалпыхалықтық референдум өткізуге шақырады. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз жиынында құрамына 21 адам кіретін бастамашыл топ мәлімдеді. Топ құрамында оппозициялық саясаткерлер Болат Әбілев, Әміржан Қосанов, Зәуреш Баталова, Михаил Сизов, журналист Рысбек Сәрсенбай, "Ар.Рух.Хақ" қоғамдық қорының жетекшісі Бақытжан Төреғожина бар.

Бастамашыл топ референдумда үш мәселені алға шығаруды көздейді. Олар: Қазақстанның Еуразиялық одаққа қосылмауы, "заңсыз жекешелендіріліп кетті" делінген стратегиялық кәсіпорындарды (ENRC, "Қазақмыс", "Казцинк", Миттал Стил", "Халық банкі") мемлекетке қайтару және барлық деңгейдегі әкімдерді сайлау мәселесі.

Референдумды қолдағандардың арасында жазушылар Қабдеш Жұмаділов, Софы Сматаев және ақын Мұхтар Шаханов та төбе көрсетті.
XS
SM
MD
LG