Accessibility links

Тәжікстанда "Жамаат Ансарулла" мүшелері делінген 24 адам сотталды


Тәжікстан жоғарғы сотының кіреберісі. (Көрнекі сурет).
Тәжікстан жоғарғы сотының кіреберісі. (Көрнекі сурет).
Тәжікстанда тыйым салынған "Жамаат Ансарулла" исламшыл тобының мүшесі делінген 12 адам 5 жылдан 24 жылға дейінгі мерзімдерге сотталды. Тағы бір адам шартты жаза алып, екеуіне айып салынды. Үкімді елдің жоғарғы соты жабық сот отырысында шығарды.

Бұл іс - "Жамаат Ансарулла" тобына тыйым салынған мамыр айынан бергі алғашқы процесс. Сот отырысы 30 тамызда басталған.

Сотталғандардың көпшілігі Тәжікстанның Рашт ауданында антитеррористік операицялар барысында тұтқындалған. Кейбірі Пәкістанда ұсталған.

Топ өткен жылы Тәжікстан азаматтарын "дінсіздерге қарсы жиһадқа" шақырып, шариғат заңын орнатуды қолдауға үндеген бірнеше видео ролик таратқан еді.
XS
SM
MD
LG