Accessibility links

Египеттің экс-премьеріне айып тағылды


Египеттің бұрынғы премьер-министрі Ахмед Шафик.
Египеттің бұрынғы премьер-министрі Ахмед Шафик.
Египет соты экс-президент Хосни Мүбәрәк тұсында соңғы премьер-министр болған Ахмед Шафикті коррупциялық қылмысқа қатысты сотқа жауап беруге шақырды.

Сот оны 1990 жылдары тұрғын үй ассоциациясының басшысы болып тұрғанда Хосни Мүбәрәктың ұлдары Гамаль мен Алаа Мүбәрәкке мемлекет меншігіндегі жерді өз құнынан әлдеқайда төмен бағаға сатты деп айыптап отыр. Бірақ соттың қашан болатыны белгісіз.

Ахмед Шафик маусымда президент сайлауында Мұхаммед Мурсиден жеңіліп қалғаннан бері Біріккен Араб Әмірліктерінде тұрып жатыр. Ол өзіне тағылған айыпты жоққа шығарып, "істің саяси астары бар" деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG