Accessibility links

БҰҰ: "Талибан" 1 жылда 400 миллион доллар пайда тапты


Ауғанстандағы апиын алқабы. (Көрнекі сурет).

Ауғанстандағы апиын алқабы. (Көрнекі сурет).

БҰҰ жариялаған жаңа есеп бойынша, "Талибан" қозғалысы өткен жылы 400 миллион АҚШ долларына тең пайда тапты. Кірістің негізгі бөлігі Ауғанстаннан жиналатын салық, зекет пен бопсалаудан түсті.

Есеп бойынша, шамамен 275 миллион АҚШ доллары "Талибан" басшылығының қолына тисе, қалғаны төменгі, жергілікті деңгейде жұмсалған.

"Талибан" Ауғанстанда егістіктен алынатын өнімге, оның ішінде апиын өндірісіне 10 пайыздық, мүлікке 2,5 пайыздық салық салған. Бұдан өзге электр энергиясы және су шаруашылығынан алынатын салықтар да бар.

Кірістің бір бөлігін халықаралық бағдарламалардан түсетін қаржы да құрайды. Есептегі мәліметтерге қарағанда, 400 миллион доллардың 10-нан 20 пайызға дейінгі мөлшері шетелдік ұйымдар ұсынатын даму бағдарламаларынан түседі.
XS
SM
MD
LG