Accessibility links

Путин стратегиялық компанияларға байланысты жарлық шығарды


Ресей президенті Владимир Путин. 29 тамыз 2012 жыл.
Ресей президенті Владимир Путин. 29 тамыз 2012 жыл.
Ресей президенті Владимир Путин шетелдерде жұмыс істейтін стратегиялық компанияларды қорғайтын жарлық шығарды. Енді жарлық бойынша елдің стратегиялық компаниялары шет мемлекеттерге немесе халықаралық ұйымдарға ақпарат беру, құжаттарын жариялау, келісім-шарт жасасу немесе мүлкін сату үшін үкіметтің рұқсатын алуы тиіс.

Үкімет "Ресейдің экономикалық мүддесіне нұқсан келтіреді" деп тапқан жағдайда кейбір ақпараттарды жариялауға рұқсат бермеуге де хақылы болмақ.

Өткен аптада Еуропалық комиссия ресейлік "Газпром" компаниясына қатысты тергеу бастаған. Компания "Орталық және Шығыс Еуропа нарықтарында антимонополия туралы заңдарды бұзды және бәсекелестік шарттарын сақтамады" деген күдікке ілінген.

Еуропалық комиссия "Газпромды" Еуропа Одағы елдеріне газ жеткізуді қиындатты, бәсекелестерінің қызметіне кедергі келтірді және газ бағасына мұнай бағасын мәжбүрлеп таңды деп күдіктенеді.
XS
SM
MD
LG