Accessibility links

Лұқпан Ахмедьяровқа қарсы шағым бойынша сот басталды


"Уральская неделья" газетінің тілшісі Лұқпан Ахмедьяров.

"Уральская неделья" газетінің тілшісі Лұқпан Ахмедьяров.

Бүгін Орал қаласының әкімшілік сотында қаржы полициясының офицері Арман Қожахметовтің "Уральская газета" басылымының тілшісі Лұқпан Ахмедьяров пен басылымның үстінен берген шағымы бойынша алғашқы сот отырысы басталды.

Азаттық тілшісіне сұхбат берген Ахмедьяров Қожахметовтің өзі туралы жазған мақаласын теріске шығарып, ел алдында кешірім сұрауды және моральдық шығын ретінде 3 миллион теңге төлеуді талап етіп отырғанын айтады.

Шағымданушы Ахмедьяровтың басылымда жарық көрген ""Сразу три человека с криминальным прошлым опознаны в органах власти в ЗКО" атты мақаласы өзінің ар-намысын қорлайды деп есептейді.

Мақалада осыдан 13 жыл бұрын қазақша күрестен ел чемпионы болған Оралбек Қожагелдин кісі қолынан қаза тапқан кездегі оқиға сөз болады. Сол қылмысқа куә болды делінген Махамбет Көнеев журналиске берген сұхбатында кісі өліміне "Арман Қожахметовтің және тағы екі мемлекеттік қызметкердің қатысы барлығын" айтқан.
XS
SM
MD
LG