Accessibility links

Еуропа Одағын федерацияға айналдыру ұсынысы айтылды


Еуропа комиссиясының президенті Жозе Мануэль. Страсбург, 12 қыркүйек 2012 жыл.

Еуропа комиссиясының президенті Жозе Мануэль. Страсбург, 12 қыркүйек 2012 жыл.

Еуропа комиссиясының президенті Жозе Мануэль Баррозу Еуропа Одағын (ЕО) "ұлттық мемлекеттердің федерациясына" айналдыруды ұсынды.

Еуропа парламентінде сөйлеген Баррозу егер одақтастық бұдан ары тереңдей түспесе, ЕО қашан да осылай әлсіз болып қала беретінін айтты. Оның пікірінше, "ескі идеялар енді іске аспайды және еуроны құрдымға кетуден құтқарып қала алмайды".

Жозе Мануэль Баррозу еуро кеңістіктегі барлық банкілерді бақылайтын жүйе құру тетіктері жайлы да айтты. "Жаңа жүйе банк одағын құруға жол ашады" деді ол.

Еуропа комиссиясының басшысы "Грекия міндеттемелерін орындаса, еуро кеңістікте қала алады" деген пікір білдірді.
XS
SM
MD
LG