Accessibility links

Пәкістанда фабрикадағы өрт құрбандарының саны 280 адамға жетті


Өртенген фабриканың сыртында тұрған құтқарушылар мен жедел жәрдем көліктері. Карачи, Пәкістан, 12 қыркүйек 2012 жыл.

Өртенген фабриканың сыртында тұрған құтқарушылар мен жедел жәрдем көліктері. Карачи, Пәкістан, 12 қыркүйек 2012 жыл.

Пәкістанның оңтүстігіндегі Карачи қаласында киім шығаратын фабрикада болған өрттен 280 адам қаза тауып, 60 адам жараланды. Құрбандар санының көп болуына өрт кезінде адамдардың фабрика ғимаратына қамалып қалуы себеп болды.

Пәкістан үкіметінің мәлімдеуінше, сейсенбі кешке фабриканың екі ғимаратында өрт шыққан кезде 450 адам жүрген, сондықтан құрбан болғандар саны бұдан да өсе түсуі мүмкін. Қаза тапқандардың көпшілігінің денесі адам танымастай күйіп кеткен.

Өрт басталған кезде кейбір жұмысшылар ғимараттың терезелері торланған жоғары қабаттарында болған. Жұмысшылардың біразы ғимараттың жер асты қабатында қалып қойып, өрт кезінде шығатын есік болмағандықтан улы газ тиіп қаза тапқан. Құтқарушылар жер асты қабатында өрт басталғанда есіктер құлыптаулы болғанын айтады.
XS
SM
MD
LG