Accessibility links

Apple iPhone 5-ті таныстырды


Apple компаниясының маркетинг бойынша директоры Фил Шиллер iPhone 5 телефонын таныстырып тұр. Сан-Франциско, 12 қыркүйек 2012 жыл.

Apple компаниясының маркетинг бойынша директоры Фил Шиллер iPhone 5 телефонын таныстырып тұр. Сан-Франциско, 12 қыркүйек 2012 жыл.

Apple компаниясы iPhone-ның жаңа моделін таныстырды. iPhone 5 бұған дейінгі үлгілерінен қуатты, салмағы жеңіл және жұқа.

Сан-Францискода болған таныстыру салтанатында Apple компаниясының маркетинг бойынша директоры Фил Шиллер iPhone 5-ті "өнер туындысы" деп атады.

Көпшілік iPhone 5 телефонының нарыққа шығуын шыдамсыздана күтті. Бірнеше ай бойы оның қуаттылығы мен жаңа функциялары туралы түрлі сыбыстар да тарап кеткен.

Шиллердің айтуына қарағанда, iPhone 5 осы кезге дейінгі телефондардың ішіндегі ең жұқасы, ал салмағы - 112 грамм. Жаңа телефонның дизайны қолға ұстауға ыңғайлы болуы үшін аздап өзгертілген. Телефон жаңа LTE жылдамдығы жоғары мобильді интернет технологиясы негізінде жұмыс істейді.

Мамандар алдағы айларда компания ондаған миллион дана iPhone 5 телефонын сатады деп болжайды.
XS
SM
MD
LG