Accessibility links

Тверьде православие кресін қорлады дегендер ұсталды


Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арнап қойылған православиелік крест. Архангельск, 25 тамыз 2012 жыл.
Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арнап қойылған православиелік крест. Архангельск, 25 тамыз 2012 жыл.
Ресейдің Тверь қаласында православиелік кресті өртеді деген күдікпен үш адам ұсталды деп хабарлады жергілікті полиция. Олар әуелі ағаштан жасалған кресті орнатып қойып, кейін өртеп жіберді деген күдікке ілінген.

Православиелік кресті қорлау оқиғалары Pussy Riot панк тобының үш әншісі сотталғаннан кейін көбейіп кетті. Тамыз айында топ мүшелері Мәскеудегі Құтқарушы Ғайса ғибадатханасында президент Влаимир Путинге қарсы өлең айтқаны үшін екі жылға сотталған еді.

Қыркүйектің басында Алтай аймағында белгісіз біреулер православеилік кресті құлатып, арамен кескілеп тастаған еді. Архангельскіде де белгісіз адамдар саяси құғын-сүргін құрбандарына арнап қойылған кресті құлатып кеткен. Украина астанасы Киевте де феминистік ұйым белсенділері Pussy Riot-ты қолдап, кресті кескілеп тастаған.

Мәскеу және Ресей патриархы Кирилл осыдан үш күн бұрын "орыс православие шіркеуі мен оның құндылықтарына шабуыл жасалып жатыр" деп мәлімдеген.
XS
SM
MD
LG