Accessibility links

Freedom House: Козловтың соты әділ өтіп жатқан жоқ


Владимир Козлов оппозиция белсенділерінің үстінен жүріп жатқан сот процесінде. Ақтау, 16 тамыз 2012 жыл.

Владимир Козлов оппозиция белсенділерінің үстінен жүріп жатқан сот процесінде. Ақтау, 16 тамыз 2012 жыл.

Freedom House халықаралық құқық қорғау ұйымы тіркелмеген "Алға" партиясының жетекшісі Владимир Козловтың үстінен жүріп жатқан сот барысында заң бұзылып жатыр деді.

Ұйымның ресми сайтында жарияланған есепте Козловтың үстінен жүріп жатқан соттың 27 тамыз бен 7 қыркүйек аралығындағы отырыстарындағы "заң бұзушылықтар" болғаны айтылады.

Баяндамада негізінен Козловтың абақтысын белгісіз адамдардың тінткені, әйеліне оған тамақ пен киім беріп жіберуге рұқсат етпегені, сот тыңдауларында судьяның сот жасауылы мен хатшысынан хат алып отырғаны және оны жариялаудан бас тартқаны айтылады.

Тағы бір заң бұзушылық ретінде қорғаушының кейбір маңызды деген адамдардан жауап алу туралы және басқа да өтініштерін соттың әлденеше рет қанағаттандырмай қойғанын келтіреді.

Баяндамада құқық қорғаушылар қуғындағы саясаткер және бизнесмен Мұхтар Әблязов "өз кінәсін мойындамай", Козловтың айыпты деп танылуы мүмкін еместігі айтылады. Тергеу материалдары бойынша, Мұхтар Әблязов "қылмыстық топтың ұйымдастырушысы" деп есептеледі.

Владимир Козловқа 2011 жылы желтоқсанда Жаңаөзенде болған оқиғаларда мұнайшылар арасында әлеуметтік араздықты қоздырды, конституциялық құрылымды күшпен құлатпақ болды және ұйымдасқан қылмыстық топ қызметіне қатысты деген айып тағылып отыр.
XS
SM
MD
LG