Accessibility links

Бесеуді «тәкфірші террорист», «уаххабист» деп атады


"Күдіктілер бекінді" деген үйдің қанға боялған тұсы. Құлсары, 12 қыркүйек 2012 жыл. (Сурет "Ақ Жайық" газетінің сайтынан алынды).
"Күдіктілер бекінді" деген үйдің қанға боялған тұсы. Құлсары, 12 қыркүйек 2012 жыл. (Сурет "Ақ Жайық" газетінің сайтынан алынды).
Құлсарыдағы атыста қаза тапқан бес адамды Атыраудың бас имамы – «тәкфірші террористер», дін департаменті – «уаххабистер» деп атады. Ал кей азаматтар «террористік топтардың» бар екеніне күмәнданады.

Атырау облысының орталық «Иманғали» мешітінің бас имамы Амантай Садиев кеше Құлсарыда қаза тапқан бес адамды «террористер» деп атады.

Оның айтуынша, «Құлсарыда және Атырауда болып жатқан жағдайларға қатысы барлардың барлығы да – терроризм мен экстремизм жолына білімсіздіктен түсіп адасқандар».

БАС ИМАМ: «ОЛАР – ТӘКФІРШІЛЕР»

– Олар – нағыз террористер. Әрі «шахид» және «ислам» дегеннің оларға қатысы жоқ. Мен оларды тәкфір жамағатының өкілдері, яғни хариджилер деп айта аламын. Себебі олар қаруға жүгініп отыр, сондықтан оларды тәкфір ағымындағылар деп санаймыз, – деді бас имам.

Бұған дейін 13 жыл бойы Құлсары қаласындағы орталық мешіттің бас имамы
Атырау облысы бас имамы Амангелді Садиев. Атырау, 12 қыркүйек 2012 жыл.
Атырау облысы бас имамы Амангелді Садиев. Атырау, 12 қыркүйек 2012 жыл.
болған Амантай Сағдиев 12 қыркүйектегі атыста қаза тапқан бес адамды танымайтынын, «бірақ кейін суреттері жария бола жатса, білуі де мүмкін» екенін айтты.

– Менің естуімше, олар біреуге телефон соғып: «Біз қазір өлеміз де, Алламен қауышамыз» депті. Егер олар нағыз мұсылман болса, қолында граната болмас еді, – дейді Атырау облысының бас имамы Амангелді Садиев.

ДІН ДЕПАРТАМЕНТІ: «АТЫРАУДАҒЫ ЖАМАҒАТТЫҢ 60-70 ПАЙЫЗЫ – САЛАФИТТЕР»

Атырау облыстық дін істері жөніндегі департаментінің директоры Оразбек Қасымов бұл өңірде салафилік көзқарастағы мұсылмандар көп екенін айтады.

– Мен бұған дейін Атыраудағы сегіз мыңға жуық жамағаттың 60-70 пайызы
Атырау облыстық дін істері департаментінің директоры Оразбек Қасымов. Атырау, 19 қараша 2011 жыл.
Атырау облыстық дін істері департаментінің директоры Оразбек Қасымов. Атырау, 19 қараша 2011 жыл.
салафиттер екендігі туралы айтқан едім. Сол кезде бұл цифрдан ел шошығанымен, қазір бәрі де расталып жатыр, – деді дін жөніндегі департамент директоры.

Оразбек Қасымов Атырауға осы ағымның дендеп енуін 2002 жылдары «Әт-Тақуа» мешітінің салынумен және қазір қуғында жүр деген Әбдухалил Әбдужаппаровтың есімімен байланыстырды.

– Қазір Атырауда діни ахуалы ушығып тұрған тек Құлсары емес, Құрманғазы және Қызылқоға аудандары да бар, – деді ол Азаттық тілшісіне.

ТЕОЛОГ: «УАХХАБИЗМ АТЫРАУДА АСҚЫНЫП ТҰР»

Атырау облыстық дін жөніндегі департаменттің теологы Нұрәлі Қайранбаевтың пікірінше, «бұл аймақта уаххабизм ерекше асқынып тұр».

– Құлсарыдағы теракт жасамақ болғандар – сөз жоқ, уаххабизм ағымы өкілдері,– деді Нұрәлі Қайранбаев.

Азаттық тілшісінің мұндай тұжырымды неге сүйеніп айтып отырғанын сұрағанда:
Нұрәлі Қайранбаев, теолог. Атырау, 12 сәуір 2012 жыл.
Нұрәлі Қайранбаев, теолог. Атырау, 12 сәуір 2012 жыл.
– Мен оларды мемлекетті мойындамау, әскери қызметкерлерге, жауынгерлерге қарсылық білдіру тәрізді идеологиялық ұстанымдарына қарап анықтап отырмын, – деді теолог Нұрәлі Қайранбаев.

Оның айтуынша, «уаххабизм ішінде түрлі ағымдар жетерлік және әрқайсысының өз көсемдері бар».

– Қазақстанда да сол уаххабшылардың көсемдері бар. Ал Құлсарыдағы атыста өлгендер арасында тәкфіршілер мен мадхалиттер бар, – деді Нұрәлі Қайранбаев.

Ол өзінің бұл тұжырымға сол өңірге, Жылыой ауданына барған жұмыс сапарлары негізінде жасаған сараптамалары себеп болғанын айтты.
– Жалпы діни ахуал облыста бірдей. Сапарларымыз барысында имамдармен, жамағатпен сөйлесу негізінде осындай байлам жасадық. Мадхалиттердің радикалды тәкфіршілерлен айырмасы мемлекет ұстанымын, конституцияны мойындағанымен, дәстүрлі мазхабты мойындамайды, дәстүрлерді мойындамайды, - деп нақтылады Нұрәлі Қайранбаев

Теолог «уаххабистер» мен «тәкфіршілерге» қатысты мынадай анықтама айтты:

– Уаххабтар мемлекет тәртібін мойындамайды. Әрі өз пікірлерін халық арасында жайып, қоғам ішінде бүлік шығаруға ұмтылады. Тәкфіршілер болса бәрін кәпірге санайды. Заңға бағынатын адамдарды, мешітке барған адамдарды кәпірлер деп атайды. Олардың ойынша, тек солардың (өздерінің) айтқандары ғана – дұрыс. Кәпір атанғандардың мүлкін тартып алып, өлтіруге ұмтылады.

«ТАЛАП ҚОЙМАЙТЫН ТЕРРОРИСТЕР»

Қыркүйектің 12-сі күні Атырау облысының Құлсары қаласында терроризмге байланысты операция кезінде 5 күдікті өлді.

Бас прокуратура Құлсарыдағы атыстың 5 қыркүйек күні Атырауда Нұрлыбек Сақауовты мерт еткен жарылысқа, 9 қыркүйекте терроризмге қатысты тұтқындалған төрт адамға қатысы бар екенін айтты.

Қазақстанда осы жаздың өзінде терроризмге байланысты бірнеше оқиға болды.

Тамыздың 17-сінде Алматы облысы Қарасай ауданы Үлкен Алматы ауылдық округіне қарайтын «Таң» саяжайлар массивіндегі үйлердің бірінде «террорлық
Ақкент ықшам ауданында полициямен қақтығыста қаза тапқан адамдар. Бірінші қатар (солдан оңға қарай): Байұзақ Дәулетбек, Маңқанов Азамат Нұрланұлы, Өтепов Асқар Ыстыбайұлы. Екінші қатар (солдан оңға қарай): Алпышев Қалдыбай Берікұлы, Жолдин Елдар Ерболатұлы, Бірімқұлов Айдос Дәулетұлы. (Суретті Алматы қаласы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі ұсынды).
Ақкент ықшам ауданында полициямен қақтығыста қаза тапқан адамдар. Бірінші қатар (солдан оңға қарай): Байұзақ Дәулетбек, Маңқанов Азамат Нұрланұлы, Өтепов Асқар Ыстыбайұлы. Екінші қатар (солдан оңға қарай): Алпышев Қалдыбай Берікұлы, Жолдин Елдар Ерболатұлы, Бірімқұлов Айдос Дәулетұлы. (Суретті Алматы қаласы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі ұсынды).
әрекеттерге қатысы болуы мүмкін 9 адамның көзі жойылды» деп хабарланғанмен, кейін бас прокуратура оқиға болған жерден 13 адамның өртеніп кеткен мәйіттері табылғанын мәлімдеді.

30 шiлде күні Алматы қаласындағы «Ақкент» шағын ауданында «қылмыстық топты ұстау кезiнде» 6 адам мерт болды.

11 шілдеде облыстың Қарасай ауданына қарайтын Таусамал ауылында «террористік әрекетке дайындалғандардың» жер үй өртеніп 9 адам қаза тапты.

Терроризмге қарсы арнайы операция кезінде күдіктілердің бәрі мерт болатынына әлеуметтік желілерде көп адам таңданыс білдірді.

«Полицейлер жойған топтардың ешбірі террористер айтатын талаптардың ешбірін қоймаған. Кепілге адам алыпты дегенін де естіген жоқпын. Ылғи террорист деп «есептелген» адам жойылды дегенді оқимын. Яғни айғақ жоқ, болжам ғана болған. Бірақ өлген адам бар. Бұл – арнайы қызметтің кәсіби деңгейі төмендігінен» деп жазады журналист Игорь Винявский Facebook әлеуметтік желісінде.

Қазақстан парламенті сенатының депутаты, бұрынғы қорғаныс министрі Мұхтар Алтынбаевтың ойынша, «арнайы операция кезінде террористерді құрту керек».

– Олар үйге тығылып алып, арнайы жасақ қызметкерлерін атып өлтіріп жатса, не істеу керек? Қару қолданса, оларды құрту керек. Олар біздің мемлекетке, оның ұстанымдары мен тұрақтылығына қарсы, – деді депутат BNews.kz тілшісіне берген сұқбатында.

Мұхтар Алтынбаевтың айтуынша, «арнайы жасақ дайындықтың арқасында оларды құртып жатыр».

ФОТОГАЛЕРЕЯ: Қазақстандағы терроризмге байланысты жарылыстар мен атыстар

XS
SM
MD
LG