Accessibility links

Египеттің экс-премьері 3 жылға сотталды


Египеттің бұрынғы премьер-министрі Ахмед Назиф.
Египеттің бұрынғы премьер-министрі Ахмед Назиф.
Египеттің Хосни Мүбәрәк тұсындағы бұрынғы премьер-министрі Ахмед Назиф коррупциялық қылмыс жасады және қызмет бабын асыра пайдаланды деген айыппен 3 жылға сотталып, 1,48 миллион АҚШ доллары көлемінде айыппұл төлейтін болды.

60 жастағы Ахмед Назиф үкіметті биліктен тайдырылған президент Хосни Мүбәрәк билік еткен соңғы жылдары басқарды. Ол премьерлік қызметінен 2011 жылдың қаңтарында - елде наразылық толқулары енді ғана басталған кезде кетіп, төңкерістен кейін бірден тұтқындалған.

Қазір Мүбәрәк билігі тұсындағы он шақты шенеунікке қатысты тергеу жүріп жатыр. Мүбәрәктің өзі маусым айында өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына кесілген.
XS
SM
MD
LG