Accessibility links

Еуропа парламенті Әзербайжанды сынаған қарар қабылдады


Армяндық әріптесін өлтірді деп сотталған Әзербайжан офицері РАмиль Сафаров. Баку, 31 тамыз 2012 жыл.

Армяндық әріптесін өлтірді деп сотталған Әзербайжан офицері РАмиль Сафаров. Баку, 31 тамыз 2012 жыл.

Еуропа парламенті бейсенбіде армяндық әріптесін өлтірді деп сотталған әзербайжандық офицер Рамиль Сафаровқа рақымшылық жасалуын айыптаған қарар қабылдады.

"Әзербайжан үкіметінің мұндай шешімі Баку мен Ереван арасындағы қырғи-қабақ көзқарасты одан ары шиеленістіре түседі"делінген қарарда. Еуропарламент депутаттарының пікірінше, Сафаровқа рақымшылық жасау - Әзербайжанның Венгрия билігіне берген дипломатиялық уәдесін бұзу.

Венгрия үкіметінің мәлімдеуінше, Сафаров Баку оның жазасын Әзербайжанда жалғастырып өтейтініне уәде берген соң қайтарылған.

Қазір Еуропа парламенті мен Әзербайжан арасында қарым-қатынасты тереңдетуге бағытталған келесімдер жасалып жатыр. Еуропа парламенті қарарда ол келісімдерге Әзербайжандағы адам құқықтары мен заңның үстемдігі туралы тармақтарды қосу қажет дейді.

Рамиль Сафаров 2004 жылы Венгриядағы НАТО-ның оқу-жаттығуы кезінде армяндық әскериді өлтіргені үшін сотталған. Тамызда Венгрия оны Әзербайжанға қайтарған соң ол ұзамай рақымшылық заңы бойынша жазадан босатылды.
XS
SM
MD
LG