Accessibility links

Ұлыбритания Ауғанстандағы әскерінің бір бөлігін әкетеді


Ұлыбритания қорғаныс министрі Филипп Хэммонд.
Ұлыбритания қорғаныс министрі Филипп Хэммонд.
Ауғанстандағы Ұлыбритания әскерінің бір бөлігі мерзімінен бұрын шығарылуы мүмкін. Бұл туралы The Guardian газетіне берген сұхбатында Ұлыбританияның қорғаныс министрі Филипп Хэммонд айтты.

Жоспар бойынша, Ұлыбритания жыл соңына дейін Ауғанстаннан 500 әскери қызметкерін шығарып алуы тиіс. Қалған 9 мыңы ауғандық қауіпсіздік күштеріне көмектесу үшін қала тұрмақ. Бірақ министрдің айтуынша, әскери шенеуніктер 2013 жылы Ауғанстандағы ағылшын контингентін тағы да азайтуға болады деп санайды.

Ауғанстандағы НАТО күштері 2014 жылдың соңына дейін шығарылуы тиіс.
XS
SM
MD
LG