Accessibility links

Экс-әкім Жалғас Бабаханов 2 жылға сотталды


Жаңаөзен қаласының бұрынғы әкімі Жалғас Бабаханов сотта отыр. Жаңаөзен, шілде 2012 жыл. Фото "Республика" газетінен алынды.

Жаңаөзен қаласының бұрынғы әкімі Жалғас Бабаханов сотта отыр. Жаңаөзен, шілде 2012 жыл. Фото "Республика" газетінен алынды.

Жаңаөзен қаласының бұрынғы әкімі Жалғас Бабаханов Маңғыстау облыстық сотының апелляциялық сот алқасының шешімімен 2 жылға сотталды деп хабарлады ақпарат агенттіктері

Бабаханов қылмыстық кодекстің 307-бабы 3-тармағы 3-бөлімі («қызметтік өкілетін асыра пайдалану») бойынша кінәлі деп танылған. Судья Қабиева оған жазасын жалпы режимдегі колонияда өтеуді кесті.

Жалғас Бабахановты Жаңаөзен қалалық соты биылғы жылдың 20 шілдесінде дәл осы бап бойынша екі жыл шартты жазаға кесіп, босатқан еді.

Құзырлы орындар оны "Жанашыр" қоғамдық қоры арқылы "Өзенмұнайгаз" компаниясының қаржысын жымқырды деп айыптаған.

Жалғас Бабаханов – Жаңаөзен қаласын 1999-2009 жылдар аралығында, Орақ Сарбөпеевке дейін басқарған әкім.
XS
SM
MD
LG