Accessibility links

Бас прокуратура терроризмге қатысты жиын өткізді


Бүгін терроризм мен діни экстремизммен күрес мәселелері талқылаған жиын болды деп хабарлайды бас прокуратураның баспасөз қызметі..Жиынға бас прокурор Асхат Дауылбаев төрағалық етті.

Отырысқа президенттің көмекшісі - Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Марат Тәжин, президент әкімшілігінің қызметкерлері, ұлттық қауіпсіздік қызметі, қаржы полициясы, ішкі істер, білім және ғылым, мәдениет және ақпарат министрліктері, дін істері жөніндегі агенттіктің басшылары қатысты.

Отырыста экстремизмнің ұлттық қауіпсіздікке айтарлықтай қауіп төндіріп отырғаны айтылып, экстремистік діни идеологияның таралуына жол бермеу, онымен күресте әлеуметтік-экономикалық шараларды қабылдау, ақпараттық-ағартушылық іс әрекетті күшейту қажеттігі айтылған.

Отырыс қорытындысы бойынша терроризм мен экстремизмнің алдын алу мен онымен күрестің тиімді жүйесін қалыптастыру, қоғамды террористік қатерден қорғауға бағытталған бірлескен шешімдер қабылданған.

Жиынға бейнеконференция арқылы өңірлік құқық қорғау және арнайы органдардың басшылары, облыстар мен Алматы және Астана қаласы әкімдерінің орынбасарлары да қатысты.
XS
SM
MD
LG