Accessibility links

Тәжік-өзбек шекарасында жанжал болды


Өзбекстан мен Тәжікстан шекарасы. (Көрнекі сурет).
Өзбекстан мен Тәжікстан шекарасы. (Көрнекі сурет).
Өзбекстан мен Тәжікстан арасындағы шекарада болған жанжалда бір өзбек шекарашысы жараланды. Қос тарап жанжалға бір-бірін айыптады.

Тәжік шекарашыларының айтуынша, "өзбек сарбазы 11 қыркүйекте Тәжікстан территориясына атпен кіріп, видеоға түсіре бастаған". Олар өзбек шекарашысы бөтен ел аумағын тастап шығу талабын орындамаған соң оқ атқандарын айтады.

Ал Өзбекстан шекарашының ол кезде өз елі территориясында жүргенін мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG