Accessibility links

Маңғыстауда теңізден ауаға мұнай-газ эмульсиясы тараған


Су бетіндегі шағала. Каспий теңізі, Маңғыстау облысы. (Көрнекі сурет)

Су бетіндегі шағала. Каспий теңізі, Маңғыстау облысы. (Көрнекі сурет)

Жұма күні Маңғыстау облысында Каспий теңізінен ауаға мұнай-газ эмульсиясы тарағаны туралы хабарлады "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі.

Облыстық төтенше жағдайлар қызметінің деректері бойынша, осыдан 29 жыл бұрын қазылған ескі ұңғымадан екі метрдей биіктікке мұнай атқылаған. Ол ұңғыманы 1983 жылы қыркүйекте Каспийдің шығыс жағалауына таяу маңда суға батып кеткен «Әзербайжанның 60 жылдығы» бұрғылау қондырғысы қазған. Ыдыстарында 187 тонна дизель отыны мен 29 тонна машина майы қалған ұңғымадан анда-санда мұнай мен газ бөлініп шығады екен.

Мамандардың айтуынша, егер ыдыстағы отын мен май теңізге құйылатын болса Каспийдің шығыс бөлігіне үлкен зиян келтіруі ықтимал.

Бүгін ескі ұңғыманың жағдайын байқау үшін сол жерге арнайы топ барғалы отыр.
XS
SM
MD
LG