Accessibility links

Талғар қаласының әкімі үйқамаққа алынған


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.
Алматы облысындағы Талғар қаласының әкімі Адайбек Қожахметовтің үйқамаққа алынғаны туралы хабарлады қазақстандық ақпарат құралдары.

Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің өкілінің айтуынша, Қожахметов коммерциялық мақсатта жер телімін жалға алмақ болған жергілікті кәсіпкерден 1,5 миллион теңге ($1=150T) талап еткен деген күдікпен 7-қыркүйекте ұсталған.

Былтыр желтоқсан айында Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотының үкімімен ауыл тұрғынынан жер телімінің мақсатын өзгертуге көмектескен адамның пара алуына делдалдық жасағаны үшін айыпты деп танылған Талғар қаласының бұрынғы әкімі Болат Омаров 4 жылға бас бостандығынан айырылған еді.
XS
SM
MD
LG