Accessibility links

Қауіпсіздік кеңесі АҚШ елшіліктеріне шабуылды айыптады


Мұсылмандар туралы фильмге наразылық білдіріп АҚШ елшілігіне келгендер полицияның тосқауылына кезікті. Исламабад, Пәкістан, 14 қыркүйек 2012 ж.

Мұсылмандар туралы фильмге наразылық білдіріп АҚШ елшілігіне келгендер полицияның тосқауылына кезікті. Исламабад, Пәкістан, 14 қыркүйек 2012 ж.

БҰҰ-ның қауіпсіздік кеңесі АҚШ және өзге де батыс мемлекеттерінің кейбір елдердегі елшіліктеріне жасалған шабуылдарды айыптады.

Қауіпсіздік кеңесінің мәлімдемесінде қандай жағдай болмасын, дипломатиялық өкілдіктерге шабуыл жасауға болмайтыны атап айтылған.

Осы аптада Ливиядағы Бенгази қаласында АҚШ-тың сол елдегі елшісі және тағы үш дипломат өлтірілді.

Жұма күні наразылық шаралары кезінде Суданда үш адам, Тунисте - екі және Египетте бір адам қаза болған. Тунис пен Египетте ашулы топ АҚШ-тың дипломатиялық өкілдігіне басып кіруге әрекет жасаған. Суданда АҚШ, Германия, Ұлыбритания елшіліктеріне кірмек болған. Сондай-ақ Пәкістан, Ирак, Индонезия, Израиль, Марокко және басқа елдерде наразылық акциялары өтті.

Шеруге шыққандар АҚШ-та түсірілген "Мұсылмандардың пәктігі" ("Innocence of Muslims") атты әуесқой фильм мұсылмандардың ар-намысын қорлайды деп санайды. Бенгазидегі оқиғадан соң ресми Вашингтон да бұл фильмді айыптап мәлімдеме жасады.
XS
SM
MD
LG