Accessibility links

Ресейде оппозициялық депутатты мандаттан айырды


«Справедливая Россия» партиясының мүшесі Геннадий Гудков (сол жақта) Ресей мемлекеттік думасының алдында. Мәскеу, 14 қыркүйек 2012 ж.
«Справедливая Россия» партиясының мүшесі Геннадий Гудков (сол жақта) Ресей мемлекеттік думасының алдында. Мәскеу, 14 қыркүйек 2012 ж.
Ресей мемлекеттік думасындағы «Справедливая Россия» фракциясының мүшесі Геннадий Гудков депутаттық мандаттан айырылды. Бұл туралы тиісті шешімге мемлекеттік думаның төрағасы Сергей Нарышкинның жұма күні қол қойғаны бүгін белгілі болып отыр.

Ресей бас прокуратурасының бастамасы бойынша Гудковты депутаттық мандаттан айыру туралы шешімді дума мүшелерінің көпшілігі қолдап дауыс берген. Бас прокуратура Гудковты "депутаттық қызметіне қоса кәсіпкерлікпен заңсыз айналысқан" деп айыптап отыр. Гудковтың өзі "оппозициялық көзқарасы үшін қудаланып жатқанын" айтады.

Енді Гудков «Справедливая Россия» фракциясындағы депутаттардың бірінің көмекшісі болып тағайындалуы мүмкін. Бұл туралы осы партияның жетекшісі Сергей Миронов мәлімдеген.
XS
SM
MD
LG