Accessibility links

Мәскеуде "миллиондар маршы" өтіп жатыр


Ресейдің оппозициялық саясаткерлері Борис Немцов (сол жақта), Гарри Каспаров (оң жақта), Илья Яшин (оң жақтан екінші) наразылық шеруінде. Мәскеу, 15 қыркүйек 2012 ж.
Ресейдің оппозициялық саясаткерлері Борис Немцов (сол жақта), Гарри Каспаров (оң жақта), Илья Яшин (оң жақтан екінші) наразылық шеруінде. Мәскеу, 15 қыркүйек 2012 ж.
Бүгін Ресей астанасында қазіргі билікке оппозициялық ұстанымдағы адамдардың бастамасымен "миллиондар маршы" өтіп жатыр. Жергілікті билік рұқсат берген бұл акция кезінде қоғамдық тәртіпті сақтауға 7 мыңдай полиция қызметкері жұмылдырылған.

Азаттық радиосының Орыс редакциясы дәл қазір өз сайтында бұл шарадан тікелей бейнерепортаж жүргізіп жатыр.

Наразылық акциясына жиналғандардың қолдарында билікке қарата айтылған талаптар, президент Путинді келемеждейтін суреттер көрінеді. Шеруге шыққандар Сахаров даңғылына дейін барып, сол жерде өтетін митингке қатысады деп жоспарланған.

Бұған дейін Мәскеу полициясы 15-қыркүйекке жоспарланған "миллиондар маршы" кезінде арандатулар болуы мүмкін деп ескерткен еді.

Бүгін наразылық акцияларын Ресейдің өзге де қалаларында өткізу жоспарланған. Шеруге шыққандардың негізгі талаптары - елде мерзімінен бұрын демократиялық сайлаулар өткізу, түрмеде отырған саяси тұтқындарға бостандық беру, тұрғын үй коммуналдық қызмет бағаларының қымбаттауына тосқауыл қою, білім беру мен денсаулық сақтау салаларына қаржыны көбірек бөлу туралы.
XS
SM
MD
LG