Accessibility links

Рим папасы Таяу Шығыс елдерін төзімділікке шақырды


Рим папасы Бенедикт XVI және Ливан президенті Мишель Сулейман (оң жақта). Бейрут, 14 қыркүйек 2012 ж.
Рим папасы Бенедикт XVI және Ливан президенті Мишель Сулейман (оң жақта). Бейрут, 14 қыркүйек 2012 ж.
Ливанда сапармен жүрген Рим папасы Бенедикт XVI Таяу Шығыс аймағының тұрғындарын діни төзімділік пен өзара сыйластық танытуға шақырды.

Бүгін Бейрутте Ливанның саяси және діни қайраткерлері алдында сөйлеген сөзінде ол әлемде христиандар мен мұсылмандардың бейбіт қатар өмір сүруінің маңыздылығын атап көрсетіп, соның нақты мысалдарын Ливанда көруге болатынын айтты.

Бенедикт XVI бүгін кешке әртүрлі елден келген жастардың алдында сөйлейді. Ертең Бейрутта ашық жерде көпшіліктің қатысуымен құлшылық өткізеді.

Рим папасының бұл жолғы үш күндік сапары кезінде қауіпсіздік шаралары ерекше күшейтілді. Кеше Ливанның солтүстігіндегі қалада "Мұсылмандардың пәктігі" атты фильмге наразылық білдіріп шеруге шыққандар мен полиция арасында қақтығыс салдарынан бір адам мерт болып, 25 адам жарақат алған.
XS
SM
MD
LG