Accessibility links

Содырлар НАТО-ның Ауғанстандағы 6 әскери ұшағын жойды


Ауғанстандағы халықаралық коалиция күштерінің жауынгерлері. (Көрнекі сурет).

Ауғанстандағы халықаралық коалиция күштерінің жауынгерлері. (Көрнекі сурет).

«Ауғанстанның оңтүстігіндегі НАТО-ның әуе базасына шабуыл жасаған содырлар АҚШ әскери қызметкерлерінің киімін киген» деп хабарлады Ауғанстандағы АҚШ күштерінің басшылығы. Олар шабуылдың «мұқият ойластырылғанын» айтады.

Британ принці Гарри қызмет етіп жатқан базаны зымыранмен және минамен атқылаған кезде АҚШ-тың екі жауынгері қаза болып, тоғызы жарақаттанған, Harrier атты 6 жойғыш ұшақ істен шыққан. Қарсы атыс барысында 14 содыр өліп, біреуі тұтқынға алынған.

Сенбі күні Ауғанстанның оңтүстігінде ауған полицейі британиялық әскери қызметкерлерге оқ атып, екі адамды өлтіріп, үшеуін жаралаған еді. Қарсылық кезінде оның өзі де өлтірілген.

Ауған әскери қызметкерлері мен полицейлері атқан оқтан биыл халықаралық коалицияның 47 солдаты мерт болған.
XS
SM
MD
LG