Accessibility links

Қытайда Жапонияға қарсы шеру өтті


Жапониямен даулы аралды бақылап жүрген Қытай әскери кемесі. Шығыс Қытай теңізі, 14 қыркүйек 2012 жыл
Жапониямен даулы аралды бақылап жүрген Қытай әскери кемесі. Шығыс Қытай теңізі, 14 қыркүйек 2012 жыл

Дяодяюйдао (Сенкаку) деп аталатын Қытаймен арадағы даулы аралды Жапонияның меншіктеп алуына қарсы бүгін Қытайда жаппай шеру өтуде.

Пекиндегі Жапония елшілігі полиция қоршауына алынып, күзеті күшейтілген. Сондай-ақ оған жапсарлас жатқан өзге көшелердегі шетелдік елшіліктердің төңірегінде де көлік қозғалысы тоқтатылған. Әзірге зорлық-зомбылық оиғалары болмаған.

Көптеген ақпарат құралдары Қытайдың Шанхай, Гуанчжоу, Циндао және Чэнду секілді ірі қалаларында бірнеше мың адамның Жапонияға қарсы жаппай шеруге қосылғанын айтады. Кей ақпараттарға қарағанда, бүгін Шэньчжэнь қаласында полиция күштері шерушілерге қарсы көзден жас шығаратын газ қолдануға мәжбүр болған.

Осыған дейін Жапонияның бақылауындағы Сенкаку аралдарына Қытайдың таласы бар еді. Мамандар аралдар аумағында газ бен мұнайдың үлкен қоры бар деп санайды.

Даулы аралдарға қатысты жанжал сейсенбіде Жапония үкіметі аралдарды Қытайдың ескертпесіне қарамастан жеке адамнан сатып алғанын мәлімдеген соң күшейіп кетті.
XS
SM
MD
LG