Accessibility links

Иран Сирия мен Ливияда әскери кеңесшілері барын растады


Иран революциялық гвардиясының қолбасшысы генерал Мохаммед Әли Жафари.
Иран революциялық гвардиясының қолбасшысы генерал Мохаммед Әли Жафари.
Иран Сирия мен Ливияда әскери кеңесшілері қызмет істейтінін ресми түрде бірінші рет растады.

Иран революциялық гвардиясының қолбасшысы генерал Мохаммед Әли Жафаридің айтуынша, революциялық гвардияның жоғары шенді офицерлері бұл елдерде көп жылдан бері жұмыс істейді.

Сирияның Таяу Шығыстағы басты одақтасы Иран президент Башар Асад режимін қолдайтын Ливиядағы шииттік "Хезболла" ұйымына көмек беріп келеді.

Бұған дейін батыстық ақпарат құралдары Тегеранның Башар Асадқа көтерілісшілермен күресте түрлі көмек беріп келе жатқанын жазған. Бірақ Иран билігі осы уақытқа дейін Сирияда өзінің әскери кеңесшілері барын мойындамаған.
XS
SM
MD
LG