Accessibility links

Молдовада Румыниямен қосылуды қолдаған шеру өтті


Молдованың Румынияға қосылуын қолдаған шеруге қатысушылар. Кишинев, 16 қыркүйек 2012 жыл.

Молдованың Румынияға қосылуын қолдаған шеруге қатысушылар. Кишинев, 16 қыркүйек 2012 жыл.

Молдованың астанасы Кишиневте жексенбіде мыңдаған адам елдің Румыниямен қосылуын қолдаған шеруге шықты.

Бұл екі ел 1918 жылы біріккен. Бірақ 1940 жылы Молотов-Риббентроп пактісіне қол қойылған соң Румыния Бессарабия мен Солтүстік Буковинаны СССР-ге беруге мәжбүр болды. Бұл аймақтарда кейін Молдова ССР құрылды. Румыния мен Молдова халқы бір тілде сөйлейді.

Молдова ұлттық либералдық партиясының төрағасы Виталий Павличенконың айтуынша, Румыниямен бірігу - Молдованың Еуропа одағы мен НАТО-ға қосылуын жеделдететін бірден-бір жол. "Бұл шерудің мақсаты - Молдовадағы румындарға Румыниямен бірігу қорқынышын сейілтуге көмектесу" деді партия төрағасы.
XS
SM
MD
LG