Accessibility links

"Союз ТМА-04М" ғарыш кемесі жерге қонды


"Союз-ФГ" ғарыш кемесі. Байқоңыр космодромы. (Көрнекі сурет).

"Союз-ФГ" ғарыш кемесі. Байқоңыр космодромы. (Көрнекі сурет).

Бортында үш ғарышкер бар Ресейдің "Союз ТМА 04-М" ғарыш кемесі Арқалық қаласының маңына, жоспарланған аумаққа қонды.

Ресейдің "Роскосмос" ғарыш агенттігінің хабарлауынша, ғарыш кемесімен халықаралық ғарыш станциясынан жерге ресейлік ғарышкерлер Геннадий Падалка мен Сергей Равин және америкалық астронавт Джозеф Акаба оралды. Олар станцияда 124 күн болды. Ғарышкерлердің жағдайы қалыпты.

Халықаралық ғарыш станциясында қазір үш адам қалды. Олар - америкалық Сунита Уильямс, Юрий Маленченко және жапониялық Акихико Хосида.
XS
SM
MD
LG