Accessibility links

"АҚШ елшілігіне шабуыл жасады" деген 4 күдікті ұсталды


Өртеніп жатқан АҚШ елшілігі. Бенгази, Ливия, 11 қыркүйек 2012 жыл.

Өртеніп жатқан АҚШ елшілігі. Бенгази, Ливия, 11 қыркүйек 2012 жыл.

АҚШ-тың Ливиядағы елшілігіне шабуыл жасады деген 4 күдікті ұсталды деп хабарлады елдің ішкі істер министрі Фаузи Әбдел-Әли.

Бұған дейін Ливия ұлттық конгресінің жетекшісі Мұхаммед әл-Макриф америкалық телеарнаға берген сұхбатында 50 адамның тұтқындалғаны жөнінде айтқан еді. Бірақ Фаузи Әбдел-Әли 50 адамның іздеуде жүргенін айтты.

11 қыркүйекте Бенгазидегі елшіліке жасалған шабуылдан АҚШ елшісі мен үш дипломат қаза тапқан.
XS
SM
MD
LG