Accessibility links

Фермерлер елде төтенше жағдай жариялауды сұрады


Егін орып жүрген комбайн. (Көрнекі сурет).
Егін орып жүрген комбайн. (Көрнекі сурет).
Қазақстан фермерлері үкімет пен президент Нұрсұлтан Назарбаевтан құрғақшылыққа байланысты елдің бірқатар аймақтарында төтенше жағдай жариялауды сұрады деп хабарлады ақпарат агенттіктері.

"Қазақстан фермерлер одағы" қоғамдық бірлестігінің үндеуінде құрғақшылықтан орталық, батыс және солтүстік Қазақстан аймағындағы егін алқаптары қатты зардап шеккені айтылады.

Фермерлер ұйымы зардап шеккен аймақтарды "төтенше жағдай аймағы" деп жариялап, өздеріне үкімет резервінен көмек беруді сұрайды. Олар бұған қоса несие және лизингтерін төлеуді бір жылға ұзартуды және үкіметтің жем-шөп қорынан 2013 жылғы егістік шыққанша мал мен құс шаруашылығына қажетті астық бөлуді де сұрайды.

Фермерлер Қазақстанда болашақта құрғақшылықтан зардап шеккен аймақтарды тұқыммен қамтамасыз ету үшін тұқым резервін құруды да ұсынған.
XS
SM
MD
LG