Accessibility links

Винокуровтың велосипеді 243 мың АҚШ долларына сатылды


Александр Винокуров Лондон олимпиадасындағы жарыс жолында. (Көрнекі сурет).
Александр Винокуров Лондон олимпиадасындағы жарыс жолында. (Көрнекі сурет).
Велоспортшы Александр Винокуров Лондон олимпиадасындағы жарыста мінген велосипедін аукционда 243 мың АҚШ долларына сатты деп хабарлайды "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі.

Аукцион 16 қыркүйекте болған. Specialized маркалы велосипедтің бастапқы бағасы 50 мың АҚШ доллары тұрған. Велосипедтен өзге Винокуровтың олимпиадада киген формасы 10 мың АҚШ долларына сатылған.

Аукционнан түскен барлық қаражат қайырымдылық мақсаттарына жұмсалмақ.
XS
SM
MD
LG