Accessibility links

Үкіметтің ресми ұстанымын жеткізетін қызмет құрылды


Үкімет жанынан бұқаралық ақпарат құралдарымен (БАҚ) байланыс орнататын қызмет құрылды. Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте үкіметтің ресми өкілі Ержан Ашықбаев хабарлады.

"Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсыруы бойынша премьер-министр кеңсесінің жанынан орталық коммуникация қызметі құрылып, үкіметтің ресми өкілі лауазымы енгізілді" деді Ашықбаев. Оның айтуынша, жаңа қызметтің мақсаты - "БАҚ пен қоғамға қандай да бір мәселе бойынша ресми орындардың ұстанымын дереу жеткізу үшін мемлекеттік органдар арасында ақпараттық кооперацияны көтеру" болмақ.
XS
SM
MD
LG