Accessibility links

Атырауда екі шенеунік екі айға қамалды


Облыстың сол кездегі әкімі Бергей Рысқалиевтің (сол жақ шетте) есеп беру жиналысы. Атырау, 11 қаңтар 2009 жыл. (Көрнекі сурет)

Облыстың сол кездегі әкімі Бергей Рысқалиевтің (сол жақ шетте) есеп беру жиналысы. Атырау, 11 қаңтар 2009 жыл. (Көрнекі сурет)

Атыраудың 2-қалалық сот Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Болат Дәукенов пен облыстық қаржы басқармасының бұрынғы бастығы Бауыржан Жантеміровті екі айға қамауға алуға санкция шығарды. Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігі хабарлады.

Бұл екі шенеунікті Атырау облыстық экономикалық және коррупциялық қылмыспен күрес департаменті 12 қыркүйекте тұтқындаған.

Болат Дәукенов тамызда қызметінен кеткен облыстың бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевтің орынбасары болған.

Агенттіктің жазуынша, 7 қыркүйекте өз еркімен қызметінен босатылған Бауыржан Жантеміров облыстағы коррупциялық қылмыстарға қатысты тергеліп жатыр.
XS
SM
MD
LG