Accessibility links

"Құлсарыдағы топқа қатысы бар" деген 2 күдікті қамалды


Күдіктілер бекінді деген үйдің маңындағы арнайы жасақ. Құлсары, 12 қыркүйек 2012 жыл. Сурет "Ақ Жайық" газетінің сайтынан алынды.
Күдіктілер бекінді деген үйдің маңындағы арнайы жасақ. Құлсары, 12 қыркүйек 2012 жыл. Сурет "Ақ Жайық" газетінің сайтынан алынды.
Атыраудың 2-қалалық соты жергілікті екі тұрғынды террористік әрекетке қатысы бар деген күдікпен екі айға қамауға алуға санкция шығарды деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі.

Облыстық соттың баспасөз хатшысы Боранбай Ғалиевтің айтуынша, ұсталғандар 12 қыркүйекте Құлсары қаласында "полицияға қарсылық көрсетті" деп аталған адамдармен қатысы бар деген күдікке ілінген.

12 қыркүйекте Құлсары қаласында құқық қорғау органдары "террорист" деген күдікке ілінген бір топ адамға қарсы арнайы операция жүргізген. Бас прокуратура операция барысында "террористік топқа қатысы бар деген күдікпен бес адамның көзі жойылып, біреуі ауыр жараланғанын" хабарлаған. Ресми орган күдіктілерді 5 қыркүйекте Атырау қаласында жарылыс кезінде қаза тапқан Нұрлыбек Сақауовпен байланыстырады.
XS
SM
MD
LG