Accessibility links

Қырғызстанда "Бакиевтің мүлкін жымқырды" деген шенеунік ұсталды


Эдьдар Мадылбековтің әкесі, Қырғызстан парламентінің депутаты, коррупциямен күрес комитетінің жетекшісі Туратбек Мадылбеков.

Эдьдар Мадылбековтің әкесі, Қырғызстан парламентінің депутаты, коррупциямен күрес комитетінің жетекшісі Туратбек Мадылбеков.

Қырғызстанда бас прокуратура қызметкері, парламентте коррупциямен күрес комитетін басқаратын депутат Туратбек Мадылбековтың баласы Эдьдар Мадылбеков ірі көлемде қаржы жымқырды деген күдікпен тұтқындалды.

Тергеуші органдар "Эльдар Мадылбеков экс-президент Құрманбек Бакиевтің мүлкін заңсыз иеленіп, іске асырды" деп күдіктеніп отыр. Кейбір деректер бойынша, мемлекетке келген шығын көлемі 2 миллион АҚШ долларын құрайды.

Әкесі Туратбек Мадылбеков ұлының тұтқындалғанын растайтын ресми құжат алмағанын айтып, түсінік беруден бас тартты. Азаттық радиосы Қырғыз қызметінің хабарлауынша, тергеушілер қазір осы іске қатысы бар деген басқа да тұлғаларды, оның ішінде депутаттарды да анықтауға тырысып жатыр.
XS
SM
MD
LG