Accessibility links

Ауғанстан үкіметі НАТО шабуылын айыптады


НАТО күштерінің Лагман уәлаятына жасаған шабуылынан жараланған тұрғындар. Ауғанстан,16 қыркүйек 2012 жыл.

НАТО күштерінің Лагман уәлаятына жасаған шабуылынан жараланған тұрғындар. Ауғанстан,16 қыркүйек 2012 жыл.

Ауғанстан үкіметі НАТО күштерінің 16 қыркүйекте Лагман уәлаятына әуеден соққы бергенін айыптады. Ол шабуылдан жергілікті сегіз әйел қаза тапқан.

Үкімет НАТО шабуылын "ақтап алуға болмайды" деп, оның Кабул мен Вашингтон арасындағы өзара түсіністік меморандумын бұзатынын ескертті. Ресми Кабул жасаған мәлімдемеде қаза тапқан әйелдердің шабуыл кезінде отын жинап жүргені айтылады.

НАТО басшылығы шабуылдың "жаулық пиғылдағы үлкен қарулы топқа бағытталғанын" айтады. Альянс өкілдері "шабуылда жергілікті тұрғындардың да құрбан болғанын мойындағанымен, негізінен содырлардың көзі жойылғанын" айтты.
XS
SM
MD
LG