Accessibility links

Мексика түрмесінен 30 тұтқын қашты


Түрме. (Көрнекі сурет).
Түрме. (Көрнекі сурет).
Мексиканың солтүстігінде АҚШ-пен шекараға жақын түрмеден 30-дан астам тұтқын қашып кетті.

Ресми орындардың хабарлауынша, тұтқындар Коауила штатындағы түрменің туннелі арқылы қашып шыққан. Кейбір деректер 100 тұтқынның қашқанын айтқанмен, ол ресми түрде расталмай отыр.

Тұтқындар шекара асып кетпеуі үшін АҚШ үкіметіне қашқындар туралы хабарланды.

Мексикада 2010 жылдың соңында шекараға жақын Нуэво-Ларедо қаласындағы түрмеден 140 тұтқын қашып кеткен еді.

Бұл елдің солтүстігі есірткі картельдерінің арасындағы қақтығыстардан қатты зардап шегіп отыр.
XS
SM
MD
LG