Accessibility links

Ресей исламға қарсы фильмге тыйым салмақ


Пәкістан мұсылмандары "Мұсылмандардың пәктігі" фильміне наразылық танытып жатыр. Карачи, 16 қыркүйек 2012 жыл.

Пәкістан мұсылмандары "Мұсылмандардың пәктігі" фильміне наразылық танытып жатыр. Карачи, 16 қыркүйек 2012 жыл.

Ресейдің бас прокуратурасы сотқа "Мұсылмандардың пәктігі" деп аталатын исламға қарсы фильмді экстремистік деп танып, оның елде таратылуына тыйым салуды сұраған талап арыз түсірді. Бұл туралы бас прокуратура өкілі Марина Гриднева мәлімдеді. Бас прокуратура "фильм мұсылмандардың діни сезімін қорлайды" деп біледі.

Гридневаның айтуынша, бас прокуратура Ресейдің бақылау комитетіне фильмнің мазмұны туралы ақпарат құралдарында қандай да бір ақпараттың тарап кетпеуі шараларын жасауға тапсырма берген. Құзырлы орган бұған қоса ірі интернет провайдерлеріне бұл фильмді көрсетпеу туралы ескерту жасаған.

Өткен аптада бірнеше мемлекетте фильмге наразылық шаралары болып, соның салдарынан он шақты адам қаза тапқан еді. Қаза болғандар арасында АҚШ-тың Ливиядағы елшісі мен үш дипломаты бар.

Ресейдің бірқатар аймақтарында халықтың басым көпшілігі мұсылмандар болып келеді.
XS
SM
MD
LG